Қыс кездерінде адам ағзасы витаминді көп қажет ететіні белгілі. Бірақ жаздағыдай емес, қыста қажетті витаминдерді табу қиындау. Десек те медицина бұл мәселені оңайлатып отырған жайы бар, яғни дәріханалардан арнайы шығарылған витаминдерді табуға болады. Мәселе оларды дұрыс таңдай және орынды қолдана білуде. Сізге жалпы қуаттандыратын немесе арнайы бағытта шығарылған, отандық немесе шетелдік, түйір, сұйық немесе ергу арқылы ендірілетін, жоғары немесе орташа мөлшердегі витаминдердің бірін немесе бірнешеуін таңдау керек болуы мүмкін. Енді осылардың әрқайсысына жекелей тоқтала кетейік.