Ежелгі тарихтан бері адамдар қартаймаудың, ұзақ жасаудың жолын іздеп келген. Бірақ аңыздардағы мәңгі өлместің әбілхаят суы табылмады. Дегенмен, ғылым-техниканың бүгінгі деңгейі және қолайлы орта кейбір елдердің адамдарына ұзақ жасаудың орташа деңгейі саналатын 71 жастан көбірек жасауына мүмкіндік беріп отыр. БҰҰ-ның тапсырмасымен әзірленген World Happiness Report (Әлемдік бақыт есеп көрсеткіші) мәліметі BBC-дің онлайн қызметі арқылы жария етілді.