Атырау облысындағы инфекциялық аурухана сырқаттанған жүкті әйелдер мен балаларға лық толы. Дәрігерлер қазір тіпті науқастарды қабылдап үлгермей жатқандарын айтады. Сөздерінше, күніне жүзден астам науқасқа ем жасайды екен. Бірақ сонда да инфекциялық ауруға шалдыққан бүлдіршіндер көп. Ал бұрын-соңды мұндай созылмалы тұмауды көрмедік деген ата-аналар аң-таң. Атыраулық Ақтоты Төребек те баласының ас-су ішпестен қатты сырқаттанғанын айтады.