Халық арасында сұранысқа ие препараттардың бағасы орта есеппен 11%-ға төмендеді. Әсіресе жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеуге арналған препараттар бағасы 20%-дан астам төмендеген. Антибиотиктер және қабынуға қарсы препараттар құны бойынша да өзгеріс байқалады.