Министрдің айтуынша, Президент Жолдауын іске асыру жалпыұлттық жоспарының екінші бағытында 8 іс-шараны іске асыру көзделген. Атап айтқанда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеген вакциналарды сатып алу жеделдетіледі. Медициналық бұйымдарға зертханалық және техникалық сынақтар жүргізу орталығын құру көзделеді.