Энергетикалық сусындарды мөлшерден тыс пайдалану немесе қарсы көрсетілімдері бар адамдардың қабылдауы ауыр зардаптар тудыруы мүмкін. Мамандардың айтуынша, энергетикалық сусындардың құрамында мазасыздықты, ұйқысыздықты, ас қорыту жүйесінің тітіркенуін, ашуланшақтықты, жүйкені қоздыруды, терінің қызаруын, зәр шығарудың жоғарылауын және жүрек соғуын тудыратын стимуляторлар жеткілікті.