Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультеті Медицина жоғары мектебінің Клиникалық пәндер кафедрасының профессоры Қуат Абзалиевтің жетекшілігімен жоғары көтерілетін аортаның аневризмасы кезінде қақпақшасы бар кондуитті имплантациялаудың жаңа отандық тәсілі әзірленді. Қуат Абзалиев – Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ консультациялық-диагностикалық орталығының меңгерушісі, жоғары санатты кардиохирург.