"Бүгінде коронавирусқа қарсы вакцина бар. Алайда әлем бойынша екпе алғандардың арасында вирус жұқтыру жағдайлары тіркеліп жатыр. Сол себепті ғалымдар коронавирустың арнайы дәрісін іздеуге кірісті. Өсімдіктердің емдеу қасиетін фармацевтикалық препарат ретінде пайдалану тәжірибесі де қарастырылып отыр", - деді Нөкетаева сенаттың жалпы отырысында.