Қазақстанның 12 өңірінде «Стэлс-Омикрон» штамы анықталды деп хабарлады turkystan.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Сәуір-мамыр айларында жүргізілген ПТР скринингінің нәтижелері бойынша коронавирус инфекциясының әртүрлі штамдарының айналымы анықталды. Барлық өңірлерде BA.1 «Омикрон» штамы – 98,6%, оның ішінде 12 өңірде BA.2 «Стэлс-Омикрон» – 36,7%, B.1.617-Delta – 1,4% анықталды. ПТР скринингінің нәтижелерін растау үшін толық геномды …