Коронавирустық инфекцияға қарсы бес вакцинаны ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының (БҚПҒЗИ) ғалымдары әзірледі. Олардың ішіндегі ең танымалы — тиімділігі клиникалық зерттеулермен дәлелденген, белсенділігі жойылған «QazVac» вакцинасы.