Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі өте ыстық шай мен кофе ішудің денсаулыққа ықтимал қаупі туралы ескертті. Оксфорд университетінің ғалымдары миллионға жуық адамның деректерін зерттеп, қайнап тұрғандай ыстық сусындарды тұтыну мен өңеш қатерлі ісігінің белгілі бір түрі арасында байланыс барын анықтаған. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.