Ресейде мұрын арқылы қабылдауға арналған коронавирусқа қарсы вакцина тіркелді. Әлемде мұндай препарат бұған дейін болмаған. Мұрынға арналған вакцина екі дозадан тұрады және үш апта аралықпен енгізіледі. Қазіргі кезеңде вакцинаны 18 және одан жоғары жастағы адамдарға вакцинопрофилактиканы жүзеге асыратын медициналық ұйымдар жағдайында қолдануға рұқсат етіледі.