Соңғы тәулікте 7 адамнан коронавирус инфекциясы табылды деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстанда коронавирустың таралуына қарсы ВАК мәліметінше, 13 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында – 2, Алматы қаласында – 4 және Қарағанды облысында бір адам қауіпті індетке шалдыққан. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 874 жетті.