Қазақстанда карантин талабы жеңілдеді. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирустың таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың баспасөз қызметі хабарлады. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталғанын ескере отырып, Ведомствоаралық комиссия келесідей шешім қабылдады: Биыл 8 маусымнан бастап ҚР азаматтары мен шетелдіктерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде […]