Қазақстан әлемнің 33 елімен вакцинация паспорттарын өзара тану туралы келісімге келді. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады. Вакцинация паспортын өзара тану жөнінде 2 қаулы бар. Негізгі құжат 2021 жылғы 26 қазандағы № 48 қаулы, оған 2022 жылғы 18 наурыздағы №15 қаулымен өзгерістер енгізілді. Бүгінде әлемнің 33 елінде (Аргентина, Армения, Беларусь, Белиз, Боливия, Бразилия, Ұлыбритания, Венгрия, Грузия, […]