Қостанай облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Рудныйдағы колледж студенттері уланған асхана тексерілді. Нәтижесінде, колледж асханасының үш қызметкерінен патогенді стафилококк анықталды. «Зертханалық зерттеу нәтижесінде асхананың үш қызметкерінен патогенді стафилококкты анықталды. Дайын өнім микробиологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмеді. Ауруханаға жатқызылған студенттерден алынған талдауларда патогенді стафилококк анықталды. Инфекцияның таралуына асхана қызметкерлері себеп болуы мүмкін», – деді департаменті өкілі. […]