Медицина қызметкерлерін бопсалады деген күдікпен Түркістан облысының екі тұрғыны ұсталды. Олар Мақтаарал және Жетісай ауданында орналасқан медицина мекемелерінің қаржылық қызметі туралы мәліметті таратпас үшін ақша талап еткен. Бұл туралы Полиция департаменті хабарлады. «Криминалдық полиция басқармасына медицина мекемесінің бірінің қызметкері арызданды. Оның айтуынша, белгісіз біреулер «мекеме абыройына нұқсан келтіретін мәліметтерді жария етеміз, бақылаушы органдардың жоспардан тыс […]