Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов ет тағамдарының маңызы туралы айтып, кеңес берді деп хабарлайды turkystan.kz. «Жастарға еттен бас тартуға болмайды. Өйткені ет ақуыз ретінде организмнің иммунитетін нығайтуға, пластикалық материал болып, жігіттердің бұлшықетінің шымыр, мықты, бойжеткендердің сымбатты болуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жыныс бездерінің жұмысы үшін ет тағамдарының маңызы зор. Көкөністі тағамдардың да берері көп. …