Қазір көпшіліктің газдалған су, тез пісетін тағамдар және тәттілерге әуес екені жасырын емес. Әсіресе, жастар оның адам ағзасына қандай зиян келтіретінін ескере бермейді деп хабарлады turkystan.kz. Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов қазір жастар тез дайындалатын тағамдарды көп тұтынатынын айтып, алаңдаушылық білдірді. «Жастарымыз неше түрлі пицца, гамбургер сынды тез пісетін тағамдардан шыға алмай жатыр. Егер халқымыздың денсаулығын …