Африка елдеріне тән маймыл шешек ауруы Еуропа елдерінде анықталып, жұқтырғандар саны 92-ге жетті. ДДСҰ мәліметтері бойынша, 13 мамырдан бастап Австралия, Бельгия, Канада, Франция, Германия, Италия, Нидерланды, Португалия, Испания, Швеция, Ұлыбритания және АҚШ-та осы ауру түрін жұқтырғандар расталды. «Бүгінде осы аурумен байланысты бірде-бір өлім тіркелген жоқ», – делінген ұйым хабарламасында. Маймыл шешегі адамдарға жануарлардан беріледі.