Қазақстанда қарапайым еңбек адамдарының жалақысына арагідік тиын-тебен қосылса, ұлттық компаниялар мен банктер басшыларының сыйақысы жыл сайын миллиондап өседі. Айталық, Ұлттық банк топ-менеджерлерінің табысы өткен жылы 62%-ға көбейген. Бас банктің тізгінін ұстап отырғандардың шотына бір жылда 1 млрд 379 млн теңге аударылыпты. Бұл – әлдекімнен естіген сыпсың дерек емес, Ұлттық банктің жария есебінде көрсетілген мәлімет.