Осыдан аз уақыт бұрын президент Тоқаев «2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекіту туралы» жарлыққа қол қойды. Жоспарды былтырғы тапсырмадан кейін Стратегиялық даму және реформалар агенттігі әзірлеген. Жарлыққа сәйкес, Үкіметтен бастап мемлекеттік органдардың бәрі өз жұмысында Ұлттық даму жоспарын басшылыққа алуы тиіс. Оның орындалуын бақылау тікелей Президент әкімшілігіне жүктелген. Тың құжаттың халықты «орташа табыс тұзағынан» құтқарарлық қауқары бар ма? Осы сұраққа жауап іздеген Ulysmedia.kz тілшісі ұзын-сонар құжатқа, оның бірнеше бағытына үңіліп, сарапшылардың пікірін тыңдап көрді.