Жуырда белсенділер «Қазақстан халқына» қорының жұмысына сын айтты. Олар қор қызметінің жабық екенін, ауыр науқасқа шалдыққан балаларға дәрі-дәрмек алуға қаржы бөлінбегенін атап өтті. Алайда былтыр көктемдегі су тасқынынан зардап шеккендерге арнап салынатын үйлерге қаражат қалай бөлініп, қандай мердігерлерге тапсырылғаны жұртшылық арасында одан да көп сұрақ туғызған мәселеге айналды. Былтырғы тасқынның салдарынан жүздеген отбасы баспанасыз қалған еді. Жақсылық жасауға ниетті қазақстандықтар зардап шеккендерге үй салып беру үшін «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына қаражат аудара бастады. Ал қор су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің әкімдіктерімен меморандум жасасты. Құжатқа сәйкес, жергілікті билік мердігерлерді таңдап, келген залалды бағалап, үй салынатын орындарды анықтауы керек болатын. Қор осы бағытта бірнеше аймақтағы 627 отбасыға арнап үй салуға шамамен 16 миллиард теңге бөлген. Ulysmedia.kz редакциясы қазақстандықтардың ерікті түрде аударған қаражаты нақты қайда және қалай жұмсалғанын анықтауға тырысты.

Бірі борышкер, екіншісінде түк жоқ: әкімдіктер тасқыннан кейін елге үй салып беруді кімдерге тапсырған
Дәрі


































