Ulysmedia-ның YouTube-арнасындағы «Қазақстандық сегізаяқ: қаржы полицейлері неге қашты?» атты арнайы репортажы әлі қызу қаралып жатыр. Бұл тақырыпқа қазақстандықтардың қызығушылығы жоғары екенін сандар да дәлел бола алады: бес күн ішінде сюжетті 176 мыңнан астам адам тамашалаған. Репортаж кейіпкерлерінің бірі – Ерлан Әбдірахманов Назарбаев кезеңіндегі ең даулы әрі резонансты қылмыстық істердің бірі бойынша 17 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол колонияда 10 жылын өткізген. Қазір ҰҚК-нің бұрынғы офицері бұл істі тапсырыспен қозғалған деп атап, тергеуді Қайрат Қожамжаров командасындағы адамдар жүргізгенін, ал негізгі «дәлелдер» азаптау арқылы алынғанын айтады. Мұндай тағдырға тап болғандар аз емес, ондаған адам бар. Олардың көбі бостандыққа шыққан, ал кейбірі әлі де жазасын өтеп жатыр. Әбдірахманов бұл қуғын-сүргін жүйесінің қалай жұмыс істегенін Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраеваға егжей-тегжейлі баяндап берді.
Дәрі