Сот үкімімен қамауда отырғанына бір жылға жуықтаған журналист, белсенді Думан Мұхаммедкәрімнің денсаулығы нашарлады. Бұл жөнінде оның адвокаты Ғалым Нұрпейісов айтты. 2024 жылы желтоқсанда Қызылордадағы N60 мекемеге ауыстырылған журналист түрме киімін киюден бас тартқаны үшін тәртіптік изоляторға қамалған. Соңғы рет 19 сәуірде карцерге 4 айға қамалған.

«Карцерде ұлымның қу жаны қалды ма білмеймін»: Түрмедегі Думан Мұхаммедкәрімнің денсаулығы нашарлаған
Дәрі





























