Ұзақ жылдар бойы Ресейдің жақын одақтасы саналып келген Арменияға Еуроодақ елдері басшылары мен Украина президенті Владимир Зеленский барды. Сегізінші рет өтіп жатқан Еуропа саяси қауымдастығының саммитін биыл Ереван қабылдап жатыр. Саяси кездесу алаңы 2022 жылы Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін құрылған болатын. Армениядағы саммит Ресейдің геосаяси жеңілісі ме? Премьер-министр Никол Пашинян мен президент Владимир Путиннің текетіресі жаңа деңгейге көтерілді ме? Ереванның Еуропаға бетбұрысы Бакумен (Әзербайжанмен) қарым-қатынасына қалай әсер етеді? Ulysmedia осы және өзге де сұрақтарға жауап іздеп көрді.
Дәрі