Қазақстандықтардың өміріне қанағаттану деңгейі жоғары. Ұлттық статистика бюросы 2024 жылдың қорытындысы бойынша елдегі өмір сапасы индексін есептеп, қазақстандықтардың өз өмірін 10 балдық шкала бойынша 7,6 баллға бағалағанын хабарлады. Бұл көрсеткіш ЭЫДҰ (OECD) елдері бойынша орташа деңгейден жоғары.