Қазақстанда квазимемлекеттік сектор не үшін құрылғанын Үкімет ұмытып кеткендей. Экономиканы көтеру және ел азаматтарының әл-ауқатын жақсарту мақсаты әлі күнге орындалмады. Компания ішінен компания құрып, үй ішінен үй тіккендей, өзара жарысқа түсіп жүр. Ал ел үміті сол беті ақталмады. Экономиканың ақ желкені болады деген алпауыт компанияларды бүгінде кімдер басқарып отыр? Ulysmedia.kz осы сұраққа жауап іздеп көрді.