9 қыркүйекте Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі несие рейтингінде Қазақстанның Baa2 деңгейінен Baa1 деңгейіне көтерілгені туралы хабарлады. Қазақстан бұл рейтингте осыған дейін Ваа1 деңгейіне жетіп көрмеген. Сондықтан бұл жаңалық Қазақстан үшін маңызды әрі тарихи десек те болады.