Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттік және конституциялық реформалар туралы айтты. Ол бойынша, бір палаталы парламент «Құрылтай» деп аталады. Оған 145 депутат енеді. Бұдан өзге, мемлекеттік кеңесші лауазымы қысқарып, вице-президент лауазымы енгізіледі. Қазақстан Конституциясы кейінгі 33 жылда қанша рет өзгерді? Ата заңды жиі өзгертудің себебі неде? Ulysmedia осы және өзге де сұрақтарға жауап іздеп, Конституцияның 33 жылдық тарихына қысқаша тоқталып көрді.
Дәрі