Сарапшылар Парижде өткен Олимпиада ойындары Қазақстан үшін сәтсіз болды деп есептейді. Бюджеттен миллиардтап қаражат бөлгендегі жеткен жетістігіміз – үш қола, үш күміс және бір алтын медаль. Жалпы командалық есепте 42-ші орыннан көріндік. Парижге Қазақстан құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия алып, артынып-тартынып барғанына қарамастан қоржынға жеті-ақ медаль түсті. Қазақстанда спорт түрлерін дамытуға тек функционерлер емес, қоғамдық ұйымдар – федерациялар да жауапты. Осы ретте Ulysmedia.kz тілшісі осы федерациялардың қайсысы үдеден шығып, қайсысы үмітті ақтай алмағанына үңіліп көрді.