Ulysmedia.kz тілшісі Нұрбол Құралов полицияда бір сағаттан астам уақыт болды. Ол редакциялық тапсырманы орындау барысында ұсталған. Бұл ретте полицейлер қызметкеріміздің телефонындағы фото мен видеоларды өз беттерінше өшіріп тастаған. Құқық қорғау органдары өз әрекеттерін сенімді түрде жасағанымен, ІІМ басшылығы бір тәулік бойы бұл жайтқа қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ, журналистен ешкім кешірім де сұрамады. Мұның бәрін көре тұра, біз, бәлкім, бұл енді бізге айтылмаған «жаңа норма» шығар деп ойладық. Журналистер енді адамдардың проблемасын көрсетуге, көмек сұраған немесе жалынған жандарды кадрға түсіруге құқығы жоқ па? Осыған байланысты біз полиция әрекетіне белгілі заңгерлерден пікір сұрадық.
Полицияның озбырлығы ма? Заңгерлер Ұлыс тілшісінің ұсталуында заңсыз әрекеттердің болғанын айтты
Дәрі