Жаз аяқталуға жақын. Санаулы күннен соң жаңа оқу жылы басталып, оқушылар мектепке қайта ағылады. Ата-аналар балаларының оқуға керек-жарағын түгендеуге кіріскен. Өткен жылғы қызу талқыдан кейін биыл мектеп формасына қатысты дау-дамай түгесілгендей. Алайда оқушылардың сырт келбетіне қатысты басы ашық сұрақтар әлі де бар. Айталық, жасөспірімдер арасында шашты алуан түске бояу үрдісі белең алды. Мектептегі киім кию тәртібінен аттай алмайтын болған соң оқушылар енді шаштың түр-түсін құбылту арқылы ерекшеленуге бет бұрған. Қызғылт, сарғыш, күлгін, тіпті көк түсті шаш көрсек те таңғалмайтын болдық. Бұл жағдайда екі оттың ортасында қалған ата-анаға қиын: бір жағынан өзін енді ғана тани бастаған баласының еркіндігін шектегісі келмейді, екінші жағынан мектеп әкімшілігінің талабы орынды екенін де түсінеді. Қайтпек керек? Мамандардан сұрап көрдік...