Таяу Шығыста соғыс басталғалы жаһанды алаңдатқан сұрақ біреу: әлемде ядролық қақтығыс тұтатып кетпей ме? Жойқын қаруға ие мемлекеттер қанша оқтұмсығы барын қатаң құпияда ұстаса да, халықаралық ұйымдардың деректерінен алпауыттар ай қарап отырмағанын аңғаруға болады. Бәрі де қуатын күннен-күнге арттыруды мүдделі. «Ядролық клубқа» қандай мемлекеттер кіреді, олардың арасында кімнің күші басым, қай елде қанша оқтұмсық бар, жойқын қаруын әлі күнге дейін жасырып отырған кімдер – Ulysmedia.kz тілшісі тарқатады.