Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда «журналист мамандығына деген қызығушылық артып, медиа нарық белсенді дамып келеді». Ведомство бұған дәйек ретінде тек 2025 жылдың өзінде елде 515 жаңа БАҚ тіркелгенін алға тартады. Алайда шенеуніктер қызметі тоқтатылған, медиа кеңістіктен жоғалған ақпарат құралдарының есебін жүргізуді қажет деп таппаған сияқты. Бірде-бір дерек таппадық. Ulysmedia.kz тілшісі Қазақстанда соңғы жылдары қанша БАҚ жабылғанын, тағы қаншауы ақпарат алаңынан біржола кетуі мүмкін екенін анықтады.
Дәрі