Лондонда сүйіктісімен демалып жүрген әнші Ерке Есмахан оқырмандарына ашуланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі."Қазақ" десе өзіме тиеді! Неге отырып алып ақыл айқышсыздар, а? Сіздер басқа елдің мәдениетін көрсін, білсін деп инстаға бөлісемін. Ешкім "қазақилығыңды тастап, осындай бол" деп жатқан жоқ қой! Бүкіл әлемде не болып жатыр, адамдар қалай өмір сүретінін қарап, әркім өзі үшін сабақ алсын деген әңгіме ғой бұл жерде. "Мулин ружды тарихымен түсіндіріп салсам, "ойбай, жартылай жалаңаш, ол не керек бізге?" дейсіздер. Коронацияны көрсетсем, "шал мен кемпір церковте, не бәле, керек емес бізге" дейсіздер. Әншінің концертін көрсетсем "жын-шайтан, құрып кетсін" деп тағы сөйлейсіздер. Неге сонша негативке жатып алғансыздар?", - дейді Ерке.