2024 жыл Қазақстан үшін бірқатар маңызды заңнамалық өзгеріспен ерекшеленді. Елдің әлеуметтік, экономикалық және құқықтық салаларын дамытуға бағытталған бұл заңдар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтарын қорғау және қоғам әл-ауқатын жақсартуға арналған. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрестен бастап, балалардың болашағын қаржылай қолдау жобасына дейінгі қабылданған шешімдер еліміздің тұрақты дамуының айқын көрсеткіші болды. Бұл мақалада 2024 жылы енгізілген ең маңызды алты заңды қарастырамыз, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.