Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. «Құрметті отандастар! Еліміздің православ христиандарын Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – діндарлар үшін үміт пен сенімге толы, ерекше қуанышты күн. Пасха мейрамы жұртшылықты ізгілікті істер жасауға ынталандырады, жақындарына жанашырлықпен қарап, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге жетелейді. Біздің мәдениетімізбен тығыз астасып, …