Мемлекет басшысы белгілі экономист Жақсыбек Құлекеевті қабылдады деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Президентке жаһандық геосаяси дағдарыс жағдайында ұлттық экономиканы дамыту, сондай-ақ мұнай-газ секторының рөлін күшейту жөнінде ұсыныстар берілді. Сонымен қатар белгілі экономист және қоғам қайраткері Жақсыбек Құлекеев Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары туралы өзінің көзқарасын айтты.