Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Мәжіліс спикері Президентке депутаттардың халықпен өткізген кездесулерінің қорытындысы туралы мәлімет берді. Мәжіліс депутаттары алдағы референдумның және Конституцияға енгізілетін өзгерістердің маңыздылығын түсіндіру үшін өңірлерге сапармен барды. Депутаттар күн сайын 250-ге дейін іс-шара өткізген. Еңбек ұжымдарында, базарларда, әлеуметтік нысандарда және шалғай елді мекендерде …