Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Президентке еліміздегі криминогендік жағдайдың жай-күйі туралы есеп берілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа қарақшылық, мал ұрлығы, алаяқтық, оның ішінде интернет алаяқтығы, сондай-ақ бұрын сотталғандардың мас күйінде, отбасылық-тұрмыстық салада және топтасып жасаған қылмыстарының саны айтарлықтай төмендегені туралы баяндалды. Министр Мемлекет басшысына ұйымдасқан қылмыс пен есірткі …