Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қысқа мерзімді еңбек демалысы аяқталды деп хабарлады turkystan.kz. Бүгін Президент жұмыс кестесіне сәйкес Премьер-Министр Әлихан Смайыловты қабылдайды. Еске сала кетейік, тамыздың екісінен бастап ел президенті қысқа мерзімді демалысқа кеткен болатын.