Бұл туралы Президенттің ресми сайты мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Мемлекет басшысының өкімімен Аңсаған Скендерұлы Балтабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Батырбек Бердібайұлы Байбосынов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымынан босатылды