Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында саяси өзгерістер қоғамның үлкен сұранысы болғанын айтты деп хабарлады turkystan.kz. «Бастапқыда мен «алдымен экономика, содан кейін саясат» формуласы 1990-шы жылдардың басында өте пайдалы болса да, өз ресурсын тауысты деп ойлаған едім. Мен саяси қайта құрулар жасауымыз керек екенін түсіндім, өйткені адамдардың азаматтық белсенділігіне мүмкіндік беру керек …