Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. «Қымбатты отандастар! Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Мамырдың осы мамыражай мерекесі – еліміздің тұтастығы мен ырыс-ынтымағының символы. Достық пен өзара түсіністік дәстүрлері халқымыздың сана-сезімінде берік орныққан. Бұл қасиеттер берекелі өмірдің, бейбітшілік пен келісімнің өзегі болып отыр. Тағдырдың жазуымен …