Мемлекет басшысы «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішевті қабылдады деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Президентке Қордың азаматтарға көрсеткен көмегі бойынша есебі, сондай-ақ қайырымдылық қызметті ұйымдастыру жолдары жөнінде ақпарат берілді. Болат Жәмішевтің айтуынша, қазіргі таңда Қор 10 қайырымдылық бағдарлама мен жобаны жүзеге асырып жатыр. Атап айтқанда, олардың сегізі медициналық көмек көрсетуге, біреуі ауыл балалары үшін …