Шолпан-Ата қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтті деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. «Мемлекеттер басшылары Ыстықкөлде теплоходпен серуендеу барысында елдер арасындағы өзара қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, өңірлік күн тәртібіндегі бірқатар мәселе жөнінде пікір алмасты», делінген хабарламада.