Палата Спикері алдымен Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесті. Жиында Ерлан Қошанов еліміздегі елеулі оқиға қарсаңында Маңғыстау өңіріне арнайы келгенін айтып, алдағы референдумның мән-маңызына ерекше тоқталды. Мәжіліс Төрағасы маңғыстаулықтардың Президенттің саясаты мен жаңа бастамаларына үнемі қолдау көрсетіп жүргеніне назар аударды. «Ел алдында тұрған биік мақсаттарға қол жеткізу үшін халқымызға ауызбірлік керек. Ендігі кезекте Президентіміздің жанына топтасып, ел …