Қостанай облысына қарасты Торғай ауылында Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлына ескерткіш орнату мәселесі талқыланды. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов айтты деп хабарлады turkystan.kz. «Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына арналған жоспарға сәйкес Жангелдин ауданы тұрғындарының тұрмысын және әл-ауқатын жақсарту мақсатында инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. Мәселен, жуырда ғана Ақкөл, А.Байтұрсынов ауылдары мобильдік интернет желісіне қосылды. …