Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Түркістан облысына барған сапарында жергілікті және ауыл мектептерінің директорларына көңілі толмаған деп хабарлады turkystan.kz. «Таңертеңнен бері Түркістан облысындағы алты ауылға барып, жеті мектептің жұмысымен таныстым. Соның ішіндегі екі мектеп басшысының жұмысына төмен баға беруге болады. Өз құзыреттеріндегі міндеттерін орындауына және қажетті жұмысты ұйымдастыруларына қатысты сұрақтар бар. Сондай-ақ мектептердің біріндегі кітапханашыға «Оқуға …